Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыға алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапонияда Йоккаити челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б.Жукаев екінші айналымда әлемнің 173-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, жапониялық Юсуке Ватанукимен шеберлік байқасты.

Бәсеке 0:6, 1:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте алтыншы геймде аздап жарақат алған Бейбіт матчты жалғастыра алмады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Б.Жукаев биыл өте табысты өнер көрсетті. Жылдың басында 728-орынмен бастаған Бейбіт Жукаев қазіргі кезде АТР live рейтингісінде 311-сатыда тұр.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Михаил Кукушкин Андрия (Италия) челленджер додасында ширек финалға шығу үшін бүгін рейтингте 264-орындағы бельгиялық Микаэль Гритцпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Жапониядағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина бір жылда 370 эйс жасап, әлемде екінші болды.

Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа турнирде ойнайды.

Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар