Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы жарысында қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы
Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
Екі бағдарлама қорытындысы бойынша олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.
Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко жеңіске жетті. Ол жалпы есепте 292,09 ұпай жинады.
Екінші орынды 278,80 ұпаймен Италия өкілі Даниэль Грассль иеленді. Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.
Айта кетейік, Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлемнің үздік үштігіне кірді.