Минералды тыңайтқыштар өндіруге 350 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды - Ә.Исекешев

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Минералды тыңайтқыштар өндіруге 350 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Еурохим» ААҚ жүзеге асыратын минералды тыңайтқыштар өндіру жобасы Қазақстанда өндірілетін өнімнің көлемін еселеп, өнімдік желіні кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 2014 жылы жылдық қуаты 600 мың тонна фосфор ұнын құрайтын Жаңатастағы тау-кен байыту комбинаты, 2016 жылы шикізатты химиялық өңдеу кешені, ал 2018 жылы жылдық қуатты миллион тоннадан асатын Қаратау қаласындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі кешені іске қосылады.

«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, ірі инвесторлар тарту үшін қажетті жұмыстарды атқарды. Инвестицияның жалпы көлемі 350 млрд. теңгеден асып түседі және құрылыс кезеңінде 3 мың жаңа жұмыс орнын, ал пайдалануға берілгеннен кейін 2 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар