Министр жануарларды қорғау туралы: Айыппұлды көбейту мәселені түбегейлі шешпейді
«Жануарларды қорғау және қамқор болу туралы заң үй жануарларына тікелей қатысты. Жылқы – ол ауылшаруашылық жануары, сондықтан бұл мәселе басқа заңмен реттеледі. Адамдардың көзқарасына келетін болсақ, қоршаған орта мен жануарларға деген көзқарасты өзгерту керек екені түсінікті. Балабақшадан бастап бүлдіршіндерді флора мен фаунаны аялауға баулу қажет. Бұл тұрғыда қоғамның тәрбиелік рөлін және сана деңгейін арттыру қажет шығар», - деді Серікқали Брекешев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, жануарларды қорғау мәселесін заңнаманы үнемі қатаңдату арқылы шешу мүмкін емес.
«Айыппұлды қалағаныңызша көбейтуге болады, бірақ бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Сондықтан алдымен сана – сезімді өзгерту қажет және оны бала кезден бастаған жөн», - деп түсіндірді С. Брекешев.
Бұған дейін экология министрі Президент сынынан кейін киік популяциясын реттеу мәселесі қайта талқыланғанын мәлім етті.
Одан бөлек, Серікқали Брекешев итбалықтардың қырылу себептерін түсіндіріп өтті.