Министрлік интернет-ресурстарындағы уақытша іркіліске не себеп болғанын түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM – Жекелеген интернет-ресурстарындағы уақытша іркілістер құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты болды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.
«Қазақтелеком» АҚ ақпараты бойынша, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.
Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді.
Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болды.
Айта кетейік, Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келетін шығын 20 млрд теңгеге жетті.