Министрлік қазақстандық тауар өндірушілер реестріне қатысты сұрақтарға жауап береді

АСТАНА. KAZINFORM – Арнайы бизнес өкілдері үшін бірнеше байланыс арналары ашылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министрлік қазақстандық тауар өндірушілер реестріне қатысты сұрақтарға жауап береді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа мемлекеттік цифрлық сервис — қазақстандық тауар өндірушілер реестріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Арнайы бизнес өкілдері үшін бірнеше байланыс арналары ашылды.

— ОТӨ реестріне қатысты сұрақтарға министрліктің 1465 тегін нөмірі арқылы жұмыс істейтін call-орталығы, e-Otinish порталы арқылы және e-ondiris@mps.gov.kz электрондық поштасы арқылы жауап беріледі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтында қазақстандық тауар өндірушілер реестріне арналған жеке бөлім ашылып, онда жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен түсіндірме материалдар орналастырылды, — делінген хабарламада.

Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі — тауарлардың отандық шығу тегін растауға арналған мемлекеттік цифрлық сервис. Жүйе ашықтық пен цифрлық верификация қағидаттарына негізделген және кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларын алуын және реттелетін сатып алуларға қатысуын жеңілдете түседі.

— Онлайн-кеңес беру арналарын құру арқылы бизнеспен бүркемесіз ашық диалог құрылады, бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жүйелі жұмысының бір бөлігі, — делінген хабарламада.

Айта кетелік биыл отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар