Минскіде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық соты өз жұмысын бастайды

АСТАНА.  1 қаңтар. ҚазАқпарат - Минскіде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) соты өз жұмысын бастайды.
None
None

Сот ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін және ЕурАзЭҚ ауқымында жұмыс істейтін шарттардың қағидаттарын жүзеге асыру мәселелері бойынша тараптар арасында пайда болған экономикалық сипаттағы дауларды қарайтын болады.

Бұдан басқа сот ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттері ауқымындағы жұмыс істейтін халықаралық шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары шешімдерінің қағидаттарын түсіндіруді жүзеге асырады, деп хабарлады РБК агенттігі.

Сондай-ақ сот Кеден одағы ауқымындағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің заңды мүдделері мен құқықтарын қозғайтын істерді қарайды.

Сот құрамы 2011 жылғы 23 желтоқсанда ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кезектен тыс отырысында тағайындалды. Оған қоғамдастық мемлекеттерінің әрқайсысынан екі судьядан тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылғы шілдеде РФ Федерация Кеңесі Кеден одағы ауқымындағы дауларды ЕурАзЭҚ сотында қарау жөніндегі шартты ратификациялады. Құжатқа 2010 жылғы желтоқсанда Мәскеуде қол қойылды және одақ ауқымында жасалған Кеден одағы мүше мемлекеттерінің  халықаралық шарттарында бірыңғай қолдануға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар