Минскіде Қазақстан-Беларусь байланыстарын тереңдетудің жолдары айқындалды

МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында, Елбасы өткен келіссөздерге баға берді.

 Минскіде Қазақстан-Беларусь байланыстарын тереңдетудің жолдары айқындалды

«Мен бүгін өткен келіссөздерді жоғары бағалаймын. Біздің бүгінгі кездесуіміздің басты нәтижесі - екіжақты байланыстарымызды және көпжақты форматта өзара әрекет етуді одан әрі тереңдету жолдарын айқындау. Олар біз Александр Григорьевич Лукашенкомен қабылдаған бірлескен мәлімдемеде көрініс тапты», - деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар Н. Назарбаев осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына  20 жыл толатындығын атап өтті.