17:04, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Минскіде Қазақстан мен Беларусь президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды
МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь мемлекетіне жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

Құжатта екі елді жақындастыру мақсатында экономикалық, саяси, гуманитарлық және мемлекетаралық қарым-қатынастардың өзге де салаларында тараптар ықпалдастығының негізгі бағыттары айқындалған.
Сонымен қатар дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін ұсыну жөнінде үкіметаралық келісімге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және азық-түлік салаларындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығы министрліктерінің арасында келісімге қол қойылды. Барлығы 8 келісімге қол қойылды.