Минскіде Қазақстан Республикасының Мәдениеті күндері өтуде

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Мамырдың 12- 13-і аралығында Беларус астанасы Минск қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениеті күндері өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақ әуендері» АҚ-на сілтеме жасап. Шара аясында бүгін Беларус Мемлекеттік филармониясының залында Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылады. Концертте «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Мемлекеттік «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Гаухар Мырзабекова, Қазақ ұлттық музыка академиясының «Шат» домбырашылар ансамблі өнер көрсетеді. Сонымен бірге бұл күндері «Қазақстан ? Еуразияның жүрегі» атты фотокөрме жұмысы өткізіледі. Көрме «Бейбітшілік пен жарқын болашаққа бастар ақ жол», «Ақ тілекпен, Астана!», «Қазақстандықтардың өміріндегі спорт», «Жаса, жайна, менің Қазақстаным!», «Ел мен елді жалғайтын ? мәдениет», «Дені саудың ? жаны сау», «Менің елім ? Қазақстан», «Қазақстанның болашағы» атты бөлімдерден құралған. Көрме Қазақстанның медицина, спорт, ғылым мен техника жетістіктерін, табиғатымыздың інжу-маржандарын, Астана қаласынын танытуға жол ашады. Мамырдың 13-17 аралығында Минскіде өтетін «Еуразиялық экономикалық одақ елдері халықтарының мәдениет фестивалі» шаралары өтеді. Фестивальге қатысушы әрбір ел өз өнерлерін көрсетіп, ұлттар мәдениеттерін жақындастыруға септеседі. Осыған орай, мамырдың 15-інде қазақ әртістерінің шағын концерті өтеді. Мамырдың 17-сі күні өтетін фестивальдің салтанатты жабылуында Қазақстан делегациясы сахна төріне қайта шығады.Мәдени шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастырады.
Соңғы жаңалықтар