Минскіде өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД жүлдесінің лауреаттарын марапаттау рәсімі өтеді
МИНСК. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде ТМД мемлекеттері тұрақты өкілетті өкілдерінің кеңесі - ТМД жарғылық және басқа органдарындағы Достастық қатысушыларының отырысы болып өтеді.
Кеңес отырысына ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысады, деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.
Тұрақты өкілдер Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Мемлекет басшылары кеңесінің ағымдағы жылдың 1-2 қараша күндерінде Ашғабатта өткізу белгіленген отырыстарының күн тәртібі жоспарларын талқыламақшы. Бұл отырыстарда Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысын, гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін, экология және қоршаған ортаны қорғау, байланыс және ақпараттандыру, бірлескен валюталық нарықты ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін ортаға салмақшы.
Бұдан басқа, ТМД қатысушылары тұрақты өкілетті өкілдері -мемлекеттік және қоғамдық телерадио ұйымдарының басшылары кеңесінің қызметі туралы мәселені қарастырады.
2007 жылы құрылған Кеңес жұмысына Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының өкілетті өкілдері қатысады. Кеңеске «Ресей дауысы» Ресейдің мемлекеттік радиохабары компаниясы Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің төрағасы Андрей Быстрицкий басшылық етеді.
Бұдан басқа, ТМД елдерінің тұрақты өкілдері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Грамотасымен марапатталатын кандидатураларды талқылайды.
Отырыстың соңында тұрақты өкілдер кеңесінің мүшелері 2011 жылы өнімдер мен қызмет көрсетулер саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысады.