Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер көші-қон органдары басшылары кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Минскіде ТМД Атқарушы комитетінде 2009 жылғы қазанның 1-і мен 2-сі аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер көші-қон органдары басшылары кеңесінің алтыншы отырысы өтеді,

Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер көші-қон органдары басшылары кеңесінің отырысы өтеді

деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.

Отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер көші-қон органдарының осы саладағы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларын жеңудегі өзара іс-қимылдарын, Мемлекет басшылары кеңестері, Үкімет басшылары кеңестері, Сыртқы істер министрлері кеңестері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер көші-қон органдары басшылары кеңестері шешімдерінің іске асырылу барысын, сондай-ақ еңбекші-мигранттардың және олардың отбасыларының құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің орындауын талқылайды.