Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Минскіде ТМД сарапшылары келісілген әлеуметтік және демографиялық саясат тұжырымдамасының жобасын талқылайды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 17-18 ақпан күндері Минскідегі ТМД Атқару комитетінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің келісілген әлеуметтік және демографиялық саясаты тұжырымдамасының жобасын пысықтау жөнінде сарапшылар тобының отырысы өтеді, деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Минскіде ТМД сарапшылары келісілген әлеуметтік және демографиялық саясат тұжырымдамасының жобасын талқылайды

ТМД құрылғаннан кезден бастап оған қатысушы елдерде әлеуметтік саладағы өзара іс-қимылды сақтау және тереңдету маңызды басымдықтардың бірі болып келеді. 90-жылдары әлеуметтік сала бойынша ынтымақтастықты реттейтін бірқатар келісімдер мен басқа да құжаттар түзілді. Олар ең алдымен, әлеуметтік жағынан жеткілікті қорғалмаған халық топтарына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектерге қосымша кепілдіктер жасауға қатысты болды.

Алайда Достастық құрылған алғашқы жылдары жасалған бұл саладағы шарттық-құқықтық база көп жағдайда бүгінде ескірді және қазіргі нарықтық болмысқа сәйкес келе бермейді. Бұдан басқа, оларда мәселе кешенді түрде қарастырылмаған.

Жаңадан әзірленіп жатқан тұжырымдамада ТМД елдерінде жасалып және іске асырылып жатқан әлеуметтік және демографиялық салалардағы жобалар мен бағдарламаларды үйлестіру, сондай-ақ ықпалдастық мүмкіндіктерін анағұрлым тиімдірек пайдалану көзделіп отыр.

Әлеуметтік және демографиялық саладағы саясатты келісіп отыру бұл бағыттағы ағымдағы және перспективалы міндеттерді жүзеге асыруды шапшаңдатумен қатар, ТМД қатысушы-мемлекеттері халықтарының өмір сапасын жақсарта түсуге елеулі ықпал етпек.