09:41, 19 Сәуір 2022 | GMT +5
Минскіден Қазақстанның екі қаласына ұшатын рейстер саны артады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Минскіден Қазақстаннның екі қаласына ұшатын рейстер саны артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын артады. Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Осылайша, екі ел арасында аптасына 14 рейс орындалады», - делінген хабарламада.