07:55, 21 Қаңтар 2011 | GMT +5
Минскіге Солтүстік Қазақстан облысынан делегация келеді
МИНСК. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Әкім Серік Біләлов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Беларус Республикасына сапармен келеді,

деп хабарлады Қазақстан елшілігінен. Сапардың мақсаты - Қазақстан мен Беларус елдерінің арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту.
24-26 қаңтар аралығына жоспарланған сапар барысында қазақстандық делегация Беларус Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінде келіссөз өткізеді, сондай-ақ Минск, Гродно, Брест облыстарының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралайды.