Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Miss World 2026 байқауына Қазақстан атынан кім қатысады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда халықаралық Miss World 2026 байқауы алдындағы дайындыққа арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Miss World 2026 байқауына Қазақстан атынан кім қатысады
Фото: Александр Павский / Kazinform

Биыл Miss Qazaqstan 2024 титулының иегері Бағым Балтабаева 73-ші халықаралық Miss World 2026 байқауына Қазақстан атынан қатысады. Осы жылы байқау алғаш рет Вьетнамда өтеді. Бұл іс-шара әлемнің 130-ға жуық мемлекетінің өкілдерін біріктірмек. Олар Beauty With a Purpose (мағыналы сулулық) философиясына сәйкес, өз мемлекеттерін, ұлттық мәдениеті мен әлеуметтік бастамаларын таныстырады.

Miss World 2026 байқауына Қазақстан атынан кім қатысады
Фото: Александр Павский / Kazinform

— «Miss Qazaqstan» сұлулық байқауы 1997 жылдан бері өткізіліп келеді, ал келесі жылы біз оның мерейтойын атап өтеміз. Miss World байқауы болса, 1951 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және биыл өзінің 75 жылдығын тойлайды. Бұл — әлемдегі ең көне әрі ең ауқымды сұлулық байқауы. Бұл жай ғана сұлулық сайысынан әлдеқайда тереңірек. Оның негізінде Beauty With a Purpose философиясы жатыр. Мұнда қатысушылардың тек сыртқы келбеті ғана емес, сондай-ақ олардың жеке қасиеттері де бағаланады. Онда қатысушылар таныстыратын қайырымдылық жобалары да маңызға ие. Сондықтан ұлттық байқаулардың жеңімпаздары жыл бойы қайырымдылықпен айналысады, — деді «Miss Qazaqstan» байқауының директоры Рамина Ибрагимова.

Miss World 2026 байқауына Қазақстан атынан кім қатысады
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бағым Балтабаева — Өскемен қаласының тумасы. Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Бастауыш сынып педагогі» мамандығы бойынша аяқтаған. Бойжеткен 7 тамыз күні Вьетнамға аттанып, онда 1 ай бойы халықаралық мәдени шараларға және Miss World бастамаларына қатысады. Елге оралуы 7 қыркүйекке жоспарланған.

Халықаралық байқауда Қазақстанды таныстыратын ару жалғызбасты аналар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлгенін айтты.

Сонымен қатар ол байқаудың негізгі кезеңдерінің бірі — ұлттық киімді таныстыру бөліміне ерекше дайындалған. Бағым Балтабаева биыл қазақ әйелінің бейнесін жаңа бағытта таныстыруды жоспарла отырғанын атап өтті.

Miss World 2026 байқауына Қазақстан атынан кім қатысады
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Бұған дейін қазақ әйелдерін көбіне жауынгер Томирис бейнесі арқылы таныстырса, мен әлемге олардың сұлулығын, нәзіктігін, даналығы мен ішкі гармониясын көрсеткім келеді. Менің ұлттық киімімнің негізі ретінде тазалық пен адалдықтың символы — аққу бейнесі алынды. Аққу — Қазақстанның табиғаты мен мәдени мұрасының ажырамас бөлігі және ол Каспий теңізімен де тығыз байланысты. Осы бейне арқылы мен қазақ әйелінің нәзіктігін, абыройын және бай ішкі әлемін жеткізгім келеді, — деді Бағым Балтабаева.

Еске салайық, былтыр «Әлем аруы» байқауындағы жанжал шыққан еді. Тайланд елінің ресми өкілі «Мексика аруын» көпшіліктің көзінше балағаттағаны үшін байқауға қатысушы бірнеше елдің өкілі іс-шарадан кетіп қалды