«Әлем аруы» байқауындағы жанжал: ұйымдастырушы үміткерді балағаттады

АСТАНА. KAZINFORM – «Әлем аруы» байқауы өтетін Тайланд елінің ресми өкілі «Мексика аруын» көпшіліктің көзінше балағаттағаны үшін байқауға қатысушы бірнеше елдің өкілі іс-шарадан кетіп қалды, деп хабарлайды BBC.

Мисс Вселенная
Фото: @PhilippinesPageantUpdate

Байқаудың директоры Нават Ицарагрисил Мексикадан келген үміткер Фатима Бошты жарнамалық контент орналастырмағаны үшін ондаған үміткердің алдында ұрсқан.

Ол қарсылық білдіргенде директор күзетшіні шақырып, оны қолдағандардың барлығын байқаудан шеттететінін айтқан. Осыдан соң Бош залдан шығып кеткен. Оған өзге қатысушылар да қосыла кеткен. Іс-шарадан шыққан соң Бош БАҚ өкілдеріне 60 жастағы жетекшінің өзіне құрметсіздік танытып, «топас» деп балағаттағанын айтты.

Алайда байқау директоры оны мойындаған жоқ, ол өзінің сөзін дұрыс түсінбегенін жеткізген.

Тікелей эфир арқылы таратылған оқиғаның видеосы интернетке жарияланды. «Әлем аруы» байқауының ұйымдастырушылары Нават Ицарагрисиланың әрекетін айыптап, кешірім сұрады.

«Әлем аруы» байқауының президенті Раул Роча тайландтық шенеуніктің Бош ханымның намысына тиіп, құрметсіздік танытты және қорғансыз әйелді қорқыту үшін күзетшіні шақыртып, қызмет бабын асыра пайдаланғанын айтты.

Оның сөзінше, директордың байқаудағы қызметі барынша шектеледі, бұл жобаға мүлдем қатыстырылмауы да мүмкін.

- Жастар ісі жөніндегі басқарма оны сотқа береді, - деді.

- Мен тағы қайталаймын, «Әлем аруы» байқауы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін алаң. Жоба «әйелдердің даусын бүкіл әлемге естіртуге» мүмкіндік береді, - деді Роча.

Осыған дейін біз Тайланд студенті «Әлем аруы-2025» байқауында жеңіске жеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар