Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Монако xанзадасы мен xаншайымы маусымда Астанаға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монако xанзадасы Альбер II және xаншайым Стефани маусымда ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Монако xанзадасы мен xаншайымы маусымда Астанаға келеді

"10 маусымда павильонның ашылуы жоспарланған. 12 маусымда бізде павильон бойынша баспасөз-туры өткізіледі. 14 маусымда Монаконың туризм департаменті ұйымдастырған шара өтеді. Біз үшін маңызды шаралардың бірі 25 маусымға белгіленген. Дәл осы күні Монаконың ЭКСПО-дағы ұлттық күні шарасына xанзада Альбер II мен xаншайым Стефани келеді. Сонымен қатар, делегация құрамында Монаконың Ассамблея президенті, Монако мэрі мен біздің елші бар", - деді павильон комиссарының орынбасары Александр Бокийон.

Оның cөзіне қарағанда, ұлттық күнде өнер көрсетуге Монте-Карлодан жергілікті цирк өнерпаздары шақыртылған. "Қытайдан, Монакодан және Қазақстаннан келетін 3000-нан астам өнерпаз цирк өнерінің фестиваліне қатысады", - деді Александр Бокийон.

 Жалпы Монакодан Астанаға 500-ден аса мейман келуі күтілуде.