Моңғолия Дүниежүзілік қос өркешті түйе қауымдастығын құрады

түйе
Фото: montsame.mn

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас Ассамблеясы 2024 жылды Халықаралық түйе жылы деп жариялады. Осыған орай Моңғолияда Халықаралық түйе жылының ашылу салтанаты ұйымдастырылды, деп хабарлады МОНЦАМЭ агенттігі.

Өткен жылы Моңғолия Үкіметі тиісті қаулы шығарды. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік қос өркешті түйе қауымдастығын құруға бастамашы болды.

«Моңғолияда түйе өсірушілермен, үкіметтік емес ұйымдармен, қауымдастықтармен, ғалымдармен және бизнес өкілдерімен түйе сүтін өндіру кластерін құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Баянхонгор аймағында түйе сүтін өңдейтін зауыт құрылып, алғашқы нәтижелер бар. Дәл осындай зауытты басқа аймақта құруды қолға алып жатырмыз», -деді Азиядағы сүт өнеркәсібін дамыту жөніндегі серіктестік хатшылығының атқарушы директоры Б.Батбаяр.

Ашылу салтанатында сөз алған Моңғол жүн және кашемир қауымдастығының атқарушы директоры Д. Алтанцэцэг моңғолдар мал шаруашылығынан алынатын шикізаттың бәрін пайдаланатынын атап өтті. Түйе де өте пайдалы жануар. Түйелердің, әсіресе екі жасар түйелердің жүні өте жұмсақ, сапасы жағынан ешкі кашемиріне ұқсас болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар