Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Моңғолияда дәстүрлі Наадам мерекесі бастау алды

АСТАНА. KAZINFROM — Моңғолия астанасының орталық стадионында Ұлттық Наадам мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияда дәстүрлі Наадам мерекесі бастау алды
Фото: Монцамэ

Моңғолия алғашқы Моңғол мемлекетінің құрылғанына 2235 жыл, Ұлы Моңғол империясының құрылғанына 820 жыл, ұлттық егемендік пен тәуелсіздіктің қалпына келтірілгеніне 115 жыл, Халық революциясының жеңісіне 105 жыл және Демократиялық революцияның жеңісіне 36 жыл толуына арналған «Наадам» ұлттық мерекесін атап өтіп жатыр.

Ел астанасының орталық стадионында өткен Наадамның ресми ашылу салтанатында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх құттықтау сөз сөйледі.

Моңғолияда дәстүрлі Наадам мерекесі бастау алды
Фото: Монцамэ

Ұлттық мерекенің ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён жұбайы Ким Хе Гёнмен бірге қатысты. Корея Республикасының Президенті Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыруымен елге мемлекеттік сапармен барды.

Өз сөзінде Моңғолия президенті арғы ата-бабалар құрған Ғұн империясынан бастау алатын моңғолдың Наадамы мемлекеттілік дәстүрлерін, тарихи-мәдени мұраны, моңғол халқының бірлігі мен ынтымағын, елдің тәуелсіздігі мен өркендеуін айшықтайтын ұлы ұлттық әрі мемлекеттік мереке екенін атап өтті.

Моңғолияда дәстүрлі Наадам мерекесі бастау алды
Фото: Монцамэ

— Моңғол мемлекетінің тарихындағы айтулы даталарға арналған, әлемде теңдесі жоқ Наадам ұлттық мерекесімен барша моңғол халқын және қадірлі қонақтарды құттықтаймын, — деді мемлекет басшысы.

Биылғы Наадамның ресми ашылу рәсіміне кәсіби шығармашылық ұжымдардың, жеке студиялардың, продюсерлік компаниялардың және тәуелсіз өнер қайраткерлерінің қатарынан екі мыңнан астам адам қатысты.

Моңғолияда дәстүрлі Наадам мерекесі бастау алды
Фото: Монцамэ

Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі 11–13 шілде аралығында Дүниежүзілік жылқы күнін мерекелеу аясында Хүй долоон худаг жерінде өтетін бірқатар іс-шаралар болмақ. Бұл күн Моңғолия президентінің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан бекітілген. Оның мақсаты — жылқы шаруашылығы мәдениетін, көшпелі өмір салты мен моңғол халқының дәстүрлерін сақтау, сондай-ақ жылқы өсірумен байланысты бай мұраны дәріптеу.

Моңғолияда дәстүрлі Наадам мерекесі бастау алды
Фото: Монцамэ

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтағанын жазғанбыз.