Моңғолияда «Жылқы күні» мерекесі өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия шабандоздары қауымдастығының «Хушхан» бренді және «Аспан көшпендісі» жобасымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Жылқы күні» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Монцамэ. 

Моңғолияда «Жылқы күні» мерекесі өтті
Фото: montsame

Іс-шараға 13 аймақ пен 3 ауданнан 37 шабандоз қатысқан.

жылқы күні
Фото: montsame
жылқы күні
Фото: montsame

Шараның негізгі мақсаты — қысқы туризмді қолдау, көшпелі өмір салты мен жылқы шаруашылығын насихаттау, моңғол жылқысының құндылығын арттыру, материалдық емес мәдени мұраны сақтау, дәстүрді жас ұрпаққа жеткізу және жылқы брендингін қалыптастыру.

жылқы күні
Фото: montsame

Бағдарлама шабандоздар шеруімен басталып, дәстүрлі жарыстарды қамтыды. 

жылқы күні
Фото: montsame

Атап айтқанда, толық шабыс кезінде жерден урга мен қамшы ілу, жылқы ұстау және үйрету, сондай-ақ жаяу жүріп арқан мен урга лақтыру сайыстары өтті.

жылқы күні
Фото: montsame
жылқы күні
Фото: montsame

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Төв аймағы Батсүмбэр сомонынан қатысқан жылқышы Р. Пүрэвдорж иеленді. Екінші орын Дорноговь аймағы Дэлгэрэх сомонының өкілі Ц. Гомбодоржға бұйырды. Үшінші орын Хэнтий аймағы Мурун сомонынан О. Цолмонбаатарға, төртінші орын Булган аймағы Баян-Нуур сомонынан Б. Баянбаатарға, ал бесінші орын Төв аймағы Аргалант сомонынан Б. Баасансуққа берілді.

жылқы күні
Фото: montsame
жылқы күні
Фото: montsame

Сонымен қатар ұлттық киімдегі ең үздік қатысушы анықталып, қонақтарға дала шайы ұсынылды.

жылқы күні
Фото: montsame
жылқы күні
Фото: montsame

Бұдан бөлек, моңғолдың бақташы және аңшылық ит тұқымдарының таныстырылымы ұйымдастырылып, отандық өндірушілердің сауда аймақтары жұмыс істеді. 

жылқы күні
Фото: montsame

Айта кетелік 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Моңғолия ұлттық құрамасының салтанатты және күнделікті формалары алғаш рет көрсетілген еді

Соңғы жаңалықтар