Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Моңғолияның МОНЦАМЭ агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА-ны 95 жылдығымен құттықтады

ҰЛАН-БАТЫР-АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның МОНЦАМЭ ұлттық ақпарат агенттігінің бас директоры А.Баатархуяг «ҚазАқпарат» ХАА-ның бас директоры Дәурен Дияров пен агенттік ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Моңғолияның МОНЦАМЭ агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА-ны 95 жылдығымен құттықтады

««ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігін МОНЦАМЭ ұжымының атынан 95 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

2014 жылдың үшінші желтоқсанында Астанада ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған келісім екі елдің халықтары бір-бірін жақсы тануына көмектесіп, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтып отыр.

Сізге және «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымына табыстар мен бар жақсылықты тілеймін», делінген құттықтауда.