Муай-тай: Адия Ізбасқан жасөспірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM  - Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы муай-тайдан тағы бір медаль жеңіп алды.

Муай-тай: Адия Ізбасқан жасөспірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жолы Адия Ізбасқан 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (16-17 жас) жартылай финалда Нирача Тангчиомен (Таиланд) кездесті.

Нәтижесінде, Таиланд спортшысы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ал Адия жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды.

Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.

 

Соңғы жаңалықтар