Мұғалімдердің 80 пайызы қайтадан вакцина алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұғалімдердің 80 пайызы қайтадан вакцина алды

«Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережесі биыл бекітілді. Қазір мұғалімдер осы ереже бойынша конкурстық негізде жұмысқа қабылданып жатыр. Негізгі қойылатын талаптар - мұғалімнің білім, еңбек өтілі, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесі және біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің атап өтуінше, мектеп директорларын ротациялау жалғасып жатыр.

2022 жылы 1 200-ден астам директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде оның 400-ден астамы ротациядан өтті.

«Жаңа оқу жылында мұғалімдердің ревакцинациядан өтуі жалғасады. Бүгінде мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды», - деді Шолпан Каринова.