Мұғалімге гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM - 1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бапасөз қызметі.

гүл
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек.

-Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс. Біздің мақсатымыз мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу,-делінген хабарламада.

Осыған дейін білім беру ұйымдарының алдын ала ескертусіз тексерілетіні туралы жаздық.