Мүгедек әйелдер сәби сүю үшін дені сау әйелдерге жасалған жағдайларды тең құқықта пайдалануы тиіс - Мүгедек әйелдер қауымдастығы

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада Орталық Азия елдеріндегі мүгедек әйелдердің репродуктивті құқықтары мен денсаулығына арналған халықаралық семинар өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинардың басты мақсаты - Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің мүгедектігі мен респродуктивті құқықтары мәселелерін талқылау, осы бағытта халықаралық тәжірибемен алмасу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында ұсынымдар мен іс-қимыл жоспарын құру.

Аталмыш басқосу «Шырақ» мүгедек-әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен халықаралық «SET» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрліктері, Астана қаласы әкімдігі, сондай-ақ Финляндия және Мүгедек әйелдер ұйымдары Орталық-Азиялық жүйенің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан) өкілдері, Астана және Алматы қалаларындағы мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдары қатысты.

«Шырақ» мүгедек-әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ның төрағасы Ләззат Қалтаеваның айтуынша, мүмкіндіктері шектеулі әйелдер күнделікті өмірде және өздерінің репродуктивті құқықтарын жүзеге асыруда көптеген кедергілерге тап болады. Олар - қоғамның келеңсіз қарым-қатынасын қалыптастыратын стереотиптер, медициналық, мәдени және басқа да мекемелерге кіруге мүмкіндіктің жасалмауы, қоғамдық көліктерді пайдалануға қолжетімсіздік және кепілдендірілген тегін медициналық көмектерді пайдалануға тең құқықтары барлығы туралы аз ақпараттандырылуы.

«Бұл кедергілер бала тууға қабілетті жастағы мүмкіндігі шектеулі әйелдердің өз-өзін бағалау дәрежесін төмендетіп, ана мен баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр», - деді ол.

Өз кезегінде «Кюннюс» қауымдастығының (Финляндия) төрағасы Аму Урхонен мүгедек әйелдер бала көтеру және босану үшін дені сау әйелдерге жасалатын жағдайларды тең пайдалануға толық құқықтары барын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар