Мүгедек болса да тірі жүргені жақсы: Ақтауда әзербайжандық азамат ұшақ апатынан зардап шеккен туысын таппай жүр

АҚТАУ. KAZINFORM – Сафар Набиев Ақтауға бүгін келген. Ол апатқа ұшыраған ұшақта болған жеңгесін іздейді. Айтуынша, туысы тірі қалғандардың да, қаза тапқандардың да арасында жоқ.

әзербайжандық азамат
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

- Мен немере ағамның жұбайы, жеңгемді іздеп келдім. Жасы 42 де. Екі баласы бар. Ол Шешенстанға қызына бара жатқан еді.

Жеңгем бортта болғандардың тізімінде тұр. Бірақ, қаза тапқандар мен тірі қалғандардың арасынын таппай жатырмыз. Мүгедек болсада көз алдымызда тірі болғаны жақсы ғой, үмітімізді үзбейміз, - дейді Әзербайжан азаматы.

әзербайжандық азамат
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханада ұшақтан зардап шеккен 19 адам емделуде. 1 науқастың жеке басы әлі анықталмаған. Себебі, әйелдің бет әлпеті қатты жарақаттанған әрі, құжаты табылмаған.

Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, әйел шамамен 60 жаста.

Бұған дейін, ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың бас сүйектері мен өкпелері жарақаттанғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар