Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мүгедектігі бар азаматтар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады

АСТАНА. KAZINFORM — І топтағы мүгедектігі бар жолаушылар енді арнайы орындарға билет алу үшін теміржол кассаларына бармайды. Енді олар билетті интернет арқылы рәсімдей алады.

пойыз
Фото: ҚТЖ

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, бұған дейін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Ведомствоның қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі жүйеге өзгеріс енгізіп, мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде анықтау тетігін іске қосты.

— 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды. Бұл ҚТЖ электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды, — делінген хабарламада.

Енді бұл санатқа жататын шамамен 90 мың азамат теміржол билеттерін үйден шықпай-ақ, онлайн сатып ала алады.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрлігі бизнеске арналған жаңа онлайн сервисті іске қосқанын хабарлаған едік.