Мүмкіндігі шектеулі қолөнершілер ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі қолөнершілердің жұмысын қою үшін ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағынан орын бөлінеді дегенге үмітті. Бұл туралы бүгін БҰҰ Даму бағдарламасы төрағасының орынбасары Мунхтуя Алтангерел мәлім етті.

Мүмкіндігі шектеулі қолөнершілер ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды

null null null
Бүгін Астанада өткен «Шебер-Керуен фестивалінде есту қабілеті нашар қолөнершілердің қолынан шыққан дүниелер халық назарына ұсынылды. «Бұл қолөнершілер ЭКСПО көрмесіне қатысады дегенге қатты үміттіміз»,-деді Мунхтуя Алтангерел.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фестивальға 70-тен астам дарынды қолөнер шебері қатысып жатыр.

«Біз іздеп тапқан таланатты қолөнершілер осылар. БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы еліміз бойынша екі жүзге жуық қолөнершілерді оқытқан болатын»,-дейді М.Алтангерел.

Қолөнершілердің арасында үй шаруасында отырған әйелдер де, қолөнерді кәсіп еткен бизнесмендер де, онымен әуестеніп, хоббиі еткен адамдар да бар.

null null null