Мұнай өнімдері, құбырлар, астық – Қазақстан Ресейден қандай тауарларды жиі импорттайды

кашащан
Коллаж: kmg.kz/pexels /amootiranian.com

АСТАНА. KAZINORM – Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның Ресейден қандай тауарларды жиі импорттайтындығын мәлімдеді.

«2023 жылдың қорытындысына Қазақстанның Ресейден импорттаған негізгі тауарлары мыналар: мұнай өнімдері – 572,5 млн доллар (үлесі 3,9 пайыз), құбырлар мен қара металдан құйылған құбырлар - 409,1 млн доллар (2,8 пайыз), қоспасыз болаттан дайындалған жартылай фабрикаттар – 365,2 млн доллар (2,5 пайыз), астық – 297,8 млн доллар (2 пайыз), қоспасыз болаттан ыстықтай илектелген шыбықтар – 233,6 млн доллар (1,6 пайыз), қара металдан құйылған немесе дәнекерленген құбырлар, түтікшелер мен кескіндер – 203,3 млн доллар (1,3 пайыз), нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 195 млн доллар (1,3 пайыз)», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан-Ресей шекарасында автомобильдерді өткізуге арналған 30 бекет бар. Оның 17-сі – көпжақты, 13-і екіжақты. Олар: Құрманғазы, Жәнібек, Тасқала, Сырым, Шаған, Ақсай, Орда, Жайсан, Әлімбет, Қарашатау, Қондықбай, Желқуар, Аят, Қайрақ, Обаған, Ақбалшық, Жаңа жол, Қызылжар, Қарақоға, Бидайық, Амангелді, Өрлітөбе, Қосақ, найза, Шарбақты, Қоянбай, Байтанат, Ауыл, Жезкент, Үбе.

«30 автомобиль өткізу бекетінің ішінде мыналарда жүк және жолаушылар ағыны барынша жоғары: Өрлітөбе, Қосақ (Павлодар облысы), Қайрақ (Қостанай облысы), Жаңа жол (СҚО), Жайсан (Ақтөбе облысы), Сырым (БҚО), Құрманғазы (Атырау облысы), Ауыл (Абай облысы), Үбе (ШҚО)», - деп нақтылайды министрліктен.

Соңғы жаңалықтар