Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жылдығына орай жас ақындар мүшәйрасы өтті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мұстафа Шоқайдың өмір жолы мен жарқын істерін насихаттау, жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерін қастерлеу, жас ақындардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға 15-30 жас аралығындағы 20-ға тарта жас ақындар қатысты. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қатысушылар М.Шоқайға арнау өлеңі мен бұрын еш жерде жарияланбаған еркін тақырыптағы өлеңін жатқа оқудан сынға түсті.

Сайыс қорытындысымен І орынды Қожабақы ауылынан Дина Бөкебай жеңіп алды. ІІ орындарды Жанқожа батыр және Ақтан батыр ауылдарынан Ғабит Кәдірбаев, Ақжол Түменбай иеленді. Жүлделі ІІІ орындарға Қожабақыдан Раушанбек Шарапат, Кәукейден Берекет Байсалбай, Ақсуаттан Бақытбек Мәкеев қол жеткізді. Жеңімпаздар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар