«МУЗ-ТВ» рәсіміндегі финалдық әнді қазақстандық және ресейлік әншілер екі тілде шырқайды

Бұдан бұрын шарадағы елорда күніне арналған «Астана» атты финалдық әнді Иосиф Кобзон, Валерия, Сати Казанова, ГлюкоZа және Наргиз айтады, ал оларға қазақстандық әншілер Роза Рымбаева, Әли Оқапов пен Қайрат Нұртас қатысады делінген болатын.
«Құпияның бетін аздап қана ашайын, финалдық әнді ресейлік және қазақстандық әншілер бірлесіп айтатын болады. Бұл ән орыс және қазақ тілдерінде болады. Бұл өзі біздің марапаттау рәсімі тарихында тұңғыш рет болайын деп тұрған оқиға», - деді А. Дәулетияров. «МУЗ-ТВ сыйлығы» - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «МУЗ-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. «МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылады. Марапаттау рәсімдерінде өнер көрсеткендердің қатарында Сhristina Aguilera, Katy Perry, Jennifer Lopez, Sharon Stone, 50 Cent, 30 Seconds to Mars, Tokio Hotel, Sum 41, Anastacia, Craig David, Pussycat Dolls, PSY, OLA және т.б. болды.