Мьянмадағы жер сілкінісі: Мандалай теміржолы мен әуежайының жұмысы қайта жанданды

АСТАНА. KAZINFORM — 28 наурыздағы жойқын жер сілкінісінен кейін жабылған Янгон-Мандалай теміржол желісі мен Мандалай халықаралық әуежайы қайта ашылды, деп хабарлайды Синьхуа.

Аэропорт Гамбурга полностью прекратил работу из-за стихийной забастовки
Фото: hamburg-airport.de

Бұл туралы The Global New Light of Myanmar мемлекеттік газеті жазды.

Жер сілкінісі салдарынан Янгон-Мандалай сызығындағы теміржол желісіндегі 11 теміржол көпіріне зақым келді. Сондай-ақ кейбір учаскеде рельстер қисайып кеткен.

— Мьянма теміржолдары логистиканы қамтамасыз ету мақсатында жұмыс күші мен техниканы қолдана отырып шұғыл жөндеу жұмыстарын бастады, — делінген хабарламада.

Мьянма теміржолдары жөнделген аумақтарды сынақтан өткізу үшін бейсенбіде жүк пойыздарын, ал жұмада жолаушылар пойыздарын жүргізіп көрді. Пойыздардың қозғалысы қауіпсіз екендігі расталғаннан кейін сенбі күні таңертең жолаушылар тасымалы қайта басталды.

Сонымен қатар, жұма күні Мандалай халықаралық әуежайы ішкі рейстер үшін қайта ашылды. Сенбіге қарай төрт жергілікті әуекомпания барлығы 972 жолаушыны тасымалдап, 13 рейсті орындады.

6 сәуірдегі жағдай бойынша Мьянмада қаза тапқандар саны 3471 адамға жетті. Бұдан бөлек 4671 адам зардап шегіп, 214 адам із-түзсіз жоғалғандар есебінде екені анықталды.

Еске салсақ, 28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.

Жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.

Сол күні жер сілкінісі 50-ден астам адамның өмірін қиғаны анықталды. Алайда кешке қаза тапқандар саны 144-ке жеткені айтылды.

Кейіннен Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сонымен қатар, Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі аталды.

Соңғы жаңалықтар