Мысыр астанасында Наурыз мерекесі тойланды - ҚР СІМ (ФОТО)

Шара барысында Елшілік аумағында ұлттық нақышта безендірілген киіз үй орнатылды. Дипмиссия қызметкерлері мен қазақстандық студенттер халық әндерін орындап, би биледі. Ұйымдастырылған түрлі сайыс ішінде балалар шығармашылығына және қазақ халқының салт-дәстүріне арналған шаралар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мерекеде «Қазақша күрестен» және басқа дәстүрлі спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Көктем мерекесінің қарсаңында қазақстандық Елшілік мысырлық жастар мен қазақстандық студенттердің қатысуымен Ұлы Мысыр пирамидалары алдында флешмоб ұйымдастырып, барша қазақстандықтарды бейнетүсірілім арқылы Наурыз мейрамымен құттықтады. Жыл сайын Наурыз мейрамының Каир қаласында тойлануы игі дәстүрге айналып, жергілікті халықтың қызығушылығын оятып келеді.