16:46, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Мысыр министрі Қазақстанға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр Араб Республикасының дін істері министрі Мұхтар Джумаа Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР-дағы Мысыр Елшілігінен хабарлады.

«26 қарашада М.Джумааның Алматы әкімі Ахметжан Есімовпен және Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан Маямеровпен кездесуі өтеді. 27 қарашада Астанада М.Джумаа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен және ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен кездеседі», - деп хабарлады ҚР-дағы МАР Елшілігінің қызметкерлері.
Бұдан басқа, М.Джумааның «Нұр-Мүбәрәк» университетінің студенттері мен оқытушыларына дәріс оқуы жоспарлануда.