Мюнхен Германияның жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Мюнхен Германия атынан 2036, 2040 немесе 2044 жылғы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу құқығы үшін күресетін болады, деп хабарлайды BILD.

Мюнхен Германияның жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткері атанды
Фото: BILD

Бұл шешім 26 қыркүйекте Баден-Баденде өткен Германия Олимпиадалық спорт конфедерациясының (DOSB) кезектен тыс отырысында қабылданды.

Дауыс беру барысында Мюнхен Кёльн — Рейн — Рур өңірінен басым түсті. Бавария астанасының кандидатурасын 91 делегат қолдаса, қарсыласына 50 делегат дауыс берді.

Енді Мюнхен халықаралық іріктеу кезеңінде Германияның атынан үміткер ретінде қатысып, 2036, 2040 немесе 2044 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге таласады. DOSB бұған дейін таңдалған өтінімнің Халықаралық Олимпиада комитетіне ұсынылуы тиіс екенін хабарлаған.

Мюнхен бұған дейін 1972 жылы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдаған.

Бұған дейін Берлиннің 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтінімін қайтарып алуды жоспарлап отырғаны хабарланған.