Н.Ә.Назарбаевтың «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» мақаласы - Қазақстанның ядролық қаруларды таратпау ұстанымын жақтайтындығының тағы бір дәлелі
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Вашингтонда ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша өтетін сәуір саммиті қарсаңында жарияланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Нахазарбаевтың «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» атты жаңа мақаласы Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және ядросыз әлем құру ұстанымдарын жақтайтындығының тағы бір дәлелі.
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит Вашингтонда ағымдағы жылғы сәуірдің 12-13-і күндері өтпек. Саммитке қатысуға американдық тарап 43 мемлекеттің өкілдерін шақырып отыр. Бұдан басқа БҰҰ Бас хатшысына, МАГАТЭ Бас директорына және Еуропа Кеңесінің жоғарғы өкіліне, Еуроодақ пен НАТО-ға шақыру жіберілді. Қатысушылар тізімін жасауда АҚШ ядролық бағдарламалары бар немесе өзінің ядролық бағдарламасын жасауға ниетті елдер ескерілді. АҚШ Президенті Б.Обаманың ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атына шақыруы 2009 жылғы қыркүйекте келіп түсті.
Саммиттің негізгі мақсаты ядролық лаңкестік қаупіне қатысты мемлекеттер көшбасшыларының жалпы түсінігіне қол жеткізу және ядролық нысандар, материалдар мен технологиялар лаңкестер қолына түсіп кетуден сақтану. Саммит кезінде қатысушы мемлекеттер өздерінің бұрын қабылдаған мінеттемелелрін қуаттайды және ядролық қауіпсіздіктің барлық саласында ынтымақтастықты нығайтудың одан әрі шараларын алады деп жоспарлануда. Бұл шаралар Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит Коммюникесінде көрініс табатын болады.