Н. Қаппаров: Мемлекет ЖЭК қондырғыларын сатып алғандардың шығынын елу пайызға дейін өтейтін болады

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет жаңартылатын энергия көздері қондырғыларын сатып алған жеке пайдаланушылардың шығынын елу пайызға дейін өтейтін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуныша, заң жобасымен «атаулы көмек» ұғымы нақтыланатын болады. «Бұл ретте мемлекет бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия қондырғыларын сатып алған жеке пайдаланушылардың елу пайыз шығынын өтейтін болады. Құжаттың бұл нормасы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің өндірісін дамытуға және отандық өндірушілердің нарығын қорғауға жағдай жасайтын болады. Бұл көбінесе ауыл тұрғындары мен фермерлік қожалықтарды қолдауға бағытталған», - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, жеке пайдаланушылар үшін жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін артық электр қуатын жалпы пайдалану желісіне сату бойынша да жағдай жасау шаралары қарастырылады. «Бұның нәтижесінде мемлекет «жасыл» энергетиканың жеке тұтынушлар арасында жаппай тарауына қол жеткізетін болады», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар