18:08, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Н.Назарбаев Астана-Исламабад-Бейжің форматындағы транзиттік-көлік ынтымақтастығының алғышартын атады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан, Пәкістан және Қытай арасында транзиттік-көліктік ынтымақтастық үшін нақты жағдайлар бар. Бұл туралы ҚКП ОК жанындағы Партиялық мектептің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы алдында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Астана-Исламабад-Бейжің форматындағы транзиттік-көлік ынтымақтастық үшін нақты жағдайлар бар. Мұның алғышарты - Қазақстанның Қарақорым автожолы жобасына қатысуы», - деді Елбасы.
Еске сала кетейік, сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.