Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Н.Назарбаев: Астанада Т.Шевченкоға ескерткіш қоюға әзірміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Т.Шевченкоға ескерткіш қоюға әзірміз. Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Н.Назарбаев: Астанада Т.Шевченкоға ескерткіш қоюға әзірміз

«Біз Астанада Т.Шевченкоға ескерткіш қоюға әзірміз. Бәріңізге белгілі, бұрынғы Шевченко, қазіргі Ақтау қаласында ондай ескерткіштер, мұражай бар», - деді ҚР Президенті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Украина Президентінің алғашқы мемлекеттік сапарына көңілі толатындығын баса атап өтті.

«Бұл сапар елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейте беретініне сенеміз. Украина жағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне өз көмегін тигізіп, бізді жақтап шықты. Басқа да халықаралық мәселелерде Қазақстан мен Украина бір-бірін қолдайтын болады», - деді Елбасы.