Н.Назарбаев БАҚ өкілдерін ауылдарда мектеп, балабақша салған кәсіпкерлерді насихаттауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдарда мектеп, балабақша салған кәсіпкерлерді насихаттауға шақырды.

Н.Назарбаев БАҚ өкілдерін ауылдарда мектеп, балабақша салған кәсіпкерлерді насихаттауға шақырды

"Өз еліңде абырой, беделге ие болмай ешқандай бақытқа жетпейсің. Шындығында бізде тапқанын Қазақстанға салып, қонақ үйлер, өндірістер салып жатқан бизнесмендер бар. Ауыл-ауылдарда мектеп салып жатқандар, балабақша салып жатқандар бар. Біздің ақпарат құралдары соларды жақсылап тұрып көрсетуі тиіс. Ондайлар аз емес. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып, елге қызмет істейік", - деді Елбасы.