Н. Назарбаев Бас прокуратураға кәсіпкерлерді тексеруді азайтуға негізделген бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бас прокуратурасына кәсіпкерлерді тексеруді азайтуға негізделген бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.
None
None

«Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігі болды. Сонымен қатар, осындай көмекті ұсыну аясында, шағымдар да баршылық. Бизнесті қорғау үшін арнайы ашылған президенттік сайтқа былтыр 87 шағым түссе, биылғы 9 айда 940 хат түсті»,- деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы тексеруші органдарға, әсіресе, құқық қорғау органдарының шамадан тыс тексерулеріне наразылықтың көп екендігін жеткізді.

«Биылғы жылдың тек жеті айында прокуратура екі мыңнан астам негізсіз тексерулерді анықтады», - деп тоқталды Н.Назарбаев.

Өз кезегінде Бас прокурор Асхат Дауылбаев заңсыз тексерулерді ұйымдастырғаны үшін 200 адам жауапқа тартылғандығын айтты. Бұл тұрғыда Президент Бас прокуратураға заңсыз тексерулерді қысқартуға негізделген бағдарламаны әзірлеуді тарсырды. «Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік берілмей жатыр. Мемлекет оларға қолдау тетіктерін жасап, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауда. Ал сіздер келіп кәсіпкерлерге қысым жасайсыздар», - деді Елбасы тексеруші мекемелердің әрекетін сынға алып.

Соңғы жаңалықтар