Н.Назарбаев бүгінде кіші БҰҰ аталып кеткен ҚХА-ның негізін қалады - С.Салмурзин
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ұлы далада Көшбасшының ақылы мен даналығы бағаланған.
Қазіргі уақытта әлемдік саясаткерлер Нұрсұлтан Назарбаевқа уақытылы қабылдап жатқан ауқымды экономикалық және саяси реформалары арқылы Абылай хан мен алаш қайраткерлерінің арманына қол жеткізгені үшін жоғары баға беріп отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ жетекшісі Сағындық Салмұрзин айтты. «Түркияның белді саясаткері Намык Кемел Зейбек: «Қазақстан Тәуелсіздігін алғанда Түркия Қазақстанға үлгі болады деп ойлағанбыз. Ал қазір, керісінше, Қазақстан Түркия үшін үлгі болды», - деген. Қазір саясаткерлер Н.Назарбаевты Рузвельтпен терезесі тең тұлға деп санайды. Өйткені олар Елбасымыздың ұлттық бірлікке қол жеткізу жолындағы атқарып жатқан шаруаларын Рузвельт армандарының жүзеге асуымен теңестіреді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде кіші БҰҰ деп аталып кеткен Қазақстан халқы Ассамблеясының негізін қалады. Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық толеранттылық пен келісім моделінің аясы кеңейіп келеді», - деді «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ жетекшісі Сағындық Салмурзин.