10:23, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Н. Назарбаев Чехия Президенті М. Земанмен кездеседi
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келетін Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен кездеседi.

Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте модератор Әсет Мұқажанов хабарлады.
"24 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасының Президенті М. Земанмен кездеседi", - дедi ол.
Бұл күнi Астанада Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтеді.
Чехия президентінің сапары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықты нығайтуға қосымша серпін береді деп күтілуде.