Н.Назарбаев Д.Медведевке «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралін Петерборға дейін созуды ұсынды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралін Петерборға дейін созуды ұсынды.
None
None

«Автомобиль магистралінің құрылысын аяқтаймыз. Ол Қытайдан Ресей шекарасына дейінгі 2700 шақырымдық заманауи автобан болады. Ағымдағы жылы біз аяқтаймыз. Осынау тамаша жолдың бойында көптеген бизнес орындары пайда болады. Мен Дмитрий Анатольевичке осы жолды Ақтөбеден Қазан, Санкт-Петербор және Еуропаға дейін созуды ұсынамын»,- деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан аумағымен Бетпақдала арқылы 1200 шақырымдық темір жол салынғанын, ол Қытай жағалауын Каспий теңізімен жалғайтындығын атап өтті.

«Біз қытайлық серіктестермен келісімге келіп, Тынық мұхитына шығатын Сары теңіздегі Ляньюньган айлағында үлкен терминал салдық. Ағымдағы жылдың өзінде контейнерлік жиырма пойыз өткіздік. 2020 жылға қарай Қазақстан, Ресей арқылы Еуропаға 200 пойыз өтетін болады», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар