Н.Назарбаев ЕАЭО елдерінің аграршылары мен қайта өңдеушілері арасындағы өндірістік кооперацияны кеңейтуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының
жалпы отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теріс экономикалық үрдістер, шикізаттық тауарлар бағасының құлдырауы, бірқатар елдегі валюта девальвациясы ҚР мен РФ дамуына қысым көрсетіп отырғанын атап өтті. «Бұған қоса, бұл жағдай ішкі өсім резервін, оның ішінде біздің ынтымақтастығымызды кеңейте түсуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ҚР Президенті.
Осы ретте Елбасы Қазақстан мен Ресейдің аграршылары мен қайта өңдеушілері арасындағы өндірістік кооперацияны кеңейтуде келісілген саясатты жүргізу қажеттігін баса айтты.
«Әркім өзі үшін жұмыс істейді. Дегенмен, біз бірыңғай еуразиялық экономикалық одақтамыз, ал кооперацияға жол жоқ. Сондықтан да біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы ведомстволары ынтымақтастықты кеңейтуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.