Н. Назарбаев: Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы жетекші экономикалық әріптесі

ТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы жетекші экономикалық әріптесі.

Н. Назарбаев: Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы жетекші экономикалық әріптесі

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ, Германия және Бразилия мемлекеттері елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау кезінде айтты.

«Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанның Еуропалық одақтағы жетекші экономикалық әріптестерінің бірі болып саналады. Соңғы жылдары екі елдің өзара тауар айналымының көлемі 4 есе өсіп, 2010 жылы 3,5 млрд. АҚШ долларынан асты», - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы өткен жылы ГФР канцлері Ангела Меркельдің Астанаға сапары байланыстарды дамытуға жаңа серпін бергенін жеткізді. «Қарым-қатынасымызда экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, шикізаттық емес салалардағы жобаларды жүзеге асыру жоғары орынға қойылды», - деді Н. Назарбаев. Бұл тұрғыда Президент индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, бірлескен өндірістер ашу және басқа да бағыттардағы байланыстарды нығайтуда өзара мүдделілік бар екенін айтып өтті.

Сонымен қатар Н. Назарбаев былтыр Қазақстандағы Германия жылы табысты өткенін айта келе, осы бағытта мәдени байланыстарды тереңдетудегі шаралар жемісті болғанын жеткізді. Сенім грамоталарын тапсырғаннан кейінгі брифингте Германияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо Герц екі елдің арасында шикізаттық, технологиялық және өнеркәсіптік салалардағы байланыстар табысты екенін айтты. «Бұл күндері біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен қатар екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 20 жылдығын мерекелеудеміз. Германия Қазақстанмен дипломатиялық байланыстарды бірден орнатқан мемлекеттердің қатарында», - деді аталған елдің Елшісі.