Н. Назарбаев: Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселенің дипломатиялық жолмен шешілуін жақтайды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АӨІСШК мерейтойлық сессиясы аясында Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Әли Әкбар Салехимен кездесу өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Кездесуде халықаралық күн тәртібі, өңірлік қауіпсіздік пен екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселенің дипломатиялық жолмен шешілуін жақтайтынын атап өтті.
Ә.Әкбар Салихи өз сөзінде қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету үшін іс-қимыл алаңы болып саналатын АӨІСШК-ні құру жөніндегі Қазақстан бастамасының маңызы зор екендігін атап көрсетті.