Н.Назарбаев қазақстандықтарды екі есе қарқынмен жұмыс істеуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды кейде тәулік бойы еңбектенетін Оңтүстік Корея халқынан үлгі алуға шақырды.
None
None

«Тәулігіне ең көп жұмыс атқаратындар - оңтүстік кореялықтар. Бұл ел қазір ең заманауи экономикаға ие болып отыр. Бұл елде бір түйір көмір де жоқ, өзге байлық бұйырмаған. Бүгінгі таңда олар жаңа технологиялар бойынша АҚШ, Жапония елдерімен иық тірестіріп отыр. Дәл осы елдерден үлгі алуымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында.

ҚР Президентінің айтуынша, халықтың тынымсыз еңбегі ғана мемлекетті өркендеу жолына түсірмек.

«Әлемде барлық елдер дамуға бағыт алған,сондықтан дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу бізге оңай болмайды. Ендеше біз екі есе қарқынмен жұмыс атқаруымыз керек. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы деп жариялап отырғанымыз осы. Біз жастарды еңбекке баулуға тиістіміз. Еңбек еткен елде адамдар жақсы өмір сүреді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар