Н. Назарбаев Қытайда қаза тапқан қазақстандықтардың есімі ұмытылмағаны үшін ҚХР үкіметіне алғыс айтты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің жанындағы Партиялық мектебіне бару кезінде қытайлық халықтың
None
None

жапондық басқыншыларды жеңуінде қазақстандықтардың үлесі жайында айтып берді. Сонымен қатар Елбасы Қытай жерінде қаза болған Қазақстан азаматтарының ерлігін мәңгі естелік еткендері үшін ҚХР үкіметіне алғысын білдірді.

Президент Жеңістің 70 жылдығы мерекесі Бейжіңде тойланғанына ризашылығын білдере келе, «Соғыстың нүктесі (Екінші дүниежүзілік соғыс) Қытайда қойылғандығы туралы аз айтылады. Қазіргі кезде Квантундық топқа (Жапонияның әскері) қарсы соғысқан кеңестік әскердің құрамында қазақтар да болғандығы анықталуда. Қазақстан ұлттық-азаттық етуші армияны Алматыдан қажетті көмекпен қамтамасыз етті. Қазақстаннан азық-түлік жеткізіліп тұрды»,-деді Н. Назарбаев Партиялық мектептің проректоры Хэ Итинмен кездесуі кезінде.

Мектептің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамның алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ҚХР-дағы жауынгерлік әрекеттерде қазақстандықтардың рөлін айрықша атап өтті. Н. Назарбаев ХХ ғасырдағы сұрапыл соғысқа Қазақстаннан аттанған жауынгерлердің жартысы оралмағандығын, олардың арасында Қытай жерінде қаза болғандар да бар екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы ҚХР-дың бірқатар қалаларын азат ету шайқасында опат болған сарбаздардың есімдері осы елдегі Мәңгі есте сақтау мемориалында жазылғанын жеткізді.

«Бұл - Жеңістің, өзін-өзі құрбан қылудың символы ғана емес, сонымен қатар ол ортақ қатердің алдында әлем халықтары бірлігінің көрнекті мысалы. Қытай жерінде қаза болған қазақ сарбаздарын да мәңгі есте сақтағандарыңыз үшін барша отандастарымның атынан ҚХР үкіметіне алғысымды білдіремін», - деді ҚР Президенті.

Осы орайда Елбасы сұрапыл соғыста елдерді жаудан азат қылуға үлес қосқан әрбір жауынгерді әрқашан құрметтеп, мадақтау қажет екенін, сондай-ақ осындай қайғының қайталануына жол бермеу - бұл баршаның тарихи миссиясы екенін қадап айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыста жапондық басқыншылардан Қытайды азат ету кезінде қаза болған кеңес әскері мен моңғол сарбаздары Мемориалы (Бейжіңнен 245 шақырым жердегі Чжанцзякоу уезінің Чжанбэй қаласында) жанында 21 адам жерленген. Олардың арасында Қазақстанның тумалары және еліміздің аумағынан соғысқа шақырылғандар бар.

Ескерткіште 13 моңғол және 66 кеңес жауынгерлерінің аты қашалып жазылған. Олардың арасында А. Жапаров, Т. Өтебаев және Ә. Бербеков сынды еліміздің азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар